Шарлапаев федерация президенті болып сайланды

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан регби федерациясының президенті болып сайланды.

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «QAZAQSTAN RUGBY» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланды. «Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр. Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ерлер мен жастар құрамалары белсенді дамып келеді»,  делінген федерация хабарламасында.

Жалпы Қанат Шарлапаев утиль алымы туралы айтқан сөзі үшін халықтың сынына қалған шенеунік болатын.

Related posts

Заманауи баланың қалтапұлы

ttjk

Kapanmayan yara: Hocalı katliamı…

ttjk

Autumn provides options for nature lovers in and around İstanbul

Назия Жоямергенқызы