Үш алтын, бір қола қоржында

Кураштан ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Марат Нигматуллаев қола жүлдеге ие болды.

Ал қазақ күресінен 65 келі салмақта сынға түскен Зарина Сарипова алтын тағынды.

Сондай-ақ аударыспақтан 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Біржан Қосалиев алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі. Финалда ол Қырғызстан спортшысы Күмушбек Қыдырәлиевті жеңді.

Аударыспақтан 100 келі салмақта сынға түскен Сырым Ізбасаров та алтын жүлдені қанжығаға байлады. Финалда ол моңғолиялық спортшы Ерболат Жеңісбекті тізе бүктірді.

Related posts

Қазақстан Паралимпиада ойындарын рекордтық көрсеткішпен аяқтады

editor

ШОНА СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

ttjk

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ — ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

ttjk