Сеулдегі тәртіпсіздік сейілмей тұр

Оңтүстік Корея полициясы Сеулдегі сот ғимаратына басып кірген 45 наразылық білдірушіні ұстады.

Олар президент Юн Сок Ёльдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешімге қарсы шыққан. Осыған дейін сот қоршауынан өтуге тырысқан 40 адам ұсталған болатын. Осылайша, жалпы саны 86 адам қамауға алынған. Оқиғаны тергеу және қатысушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін арнайы тергеу тобы құрылды.»Құқық қорғау органдары заң бұзғандарға қатысты «қатаң» әрекет ететіндерін мәлімдеді. Есте болса, қызметінен шеттетілген президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның ашулы жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кірген болатын. Олардың кейбірі ғимаратты қоршаған полиция қызметкерлеріне пластикалық орындықтар, қоқыс және басқа да заттар лақтырған. БАҚ мәліметінше, полиция президент жақтастарының митингілері өткен аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүздеген қызметкерді жұмылдырған.

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі басталады»

editor

Діни басқарма қалың мал мен мәһірге байланысты шешім шығарды

editor

The finest of the Aegean and the Mediterranean meet in Bodrum

ttjk