СЕНБІЛІКТЕ 250-ДЕН АСА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

 

Бүгін Астанада Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай және «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті.

“Бір тал кессең, он тал ек!”, — деп ұрандатқан қызметкерлер 20 қыркүйек таңертең 9-да сенбілікке жиналды. «Тaza Qazaqstan» экологиялық акциясының маңыздылығын, мәнін жете түсінген аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, аудандық басқармалар мен республикалық медициналық мекемелердің өкілдері елорданы көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Сенбілікке жиналғандар қолдарына күрек алып, топырақты қазып, іске бірден іске кірісті. Тұран даңғылы бойына 250-ден астам ағаш отырғызылды. Атап айтсақ, жөке, тал және терек ағаштары бар. Қаланың әдемілігіне мен тазалағынына үлес қосқысы келген жандар күл-қоқыстарды жинап, қапшықтарға салды. Талдардың түбі қопсытып, тырмалау жұмыстарын жүргізді.
“Мұндай шаралар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, жайлы қалалық орта қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен елордамыздың игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтамын,”- дейді «Нұра» ауданы әкімінің орынбасары Еркін Құрман.
Бұл тек тазалық емес, қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған ірі қадам екендігін ескерсек, мұндай шаралар әлі де жалғасын табатындығы сөзсіз.

“Сенбілік бұл рухымызды көтеріп, ізгілікке баулитын керек шара. Әр адам тазалықты алдымен үйінен бастауы керек. Барлық отбасы мүшелері қоғам болып атсалысатын болса, біз алмайтын қамал жоқ” дейді іс-шараға қатысқан мекеме қызметкерлері.
Күштің бірлікте екеніне сенген ұйымшыл мекемелер бір үйдің баласындай жұмыла атқарды.
Аталған кеңістік
Биыл Астанада 170-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, олардың басым бөлігі аяқталды.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Related posts

В области Абай началось строительство промышленного комплекса по глубокой переработке мясной продукции

Назия Жоямергенқызы

Halyk 250 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарды

ttjk

See Machu Picchu & Other Highlights Of Peru For $899

ttjk