«СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ»

Алматыда «Сен жалғыз емессің!» — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мейірімділік акциясы өтті.
«Сен жалғыз емессің!» 1 маусым — Дүниежүзілік балалар күніне арналған игі шараны «ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығы», Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шеврон» компаниясының демеушілігімен «Qolda» жедел жәрдем бағдарламаласының аясында ұйымдастырды, шараны Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.К. Кикимов қолау көрсетті.
Акция күн сайын көптеген сынақтардан өтіп, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған.


«Сіздің үйіңізге соңғы рет ертегі кейіпкері қашан келіп еді?» Жаңа жылда келген шығар», — дейді Захира Бегалиева, «ITeachMe» компетенцияларды дамыту орталығының» президенті. «Бұл дәстүрді өзгерту біздің қолымызда. Сондықтан, біз ертегілердің жарқын және сиқырлы кейіпкерлерімен, сыйлықтар, шарлар алып, және көтеріңкі көңіл-күймен ерекше экипажды дайындадық. Біз мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасына барып, өзіміздің белсенді және позитивті энергиямызбен бөлістік. Біздің басты ойымыз — әр бала сиқырға сену керек».
«Біз бәріміз қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз, және әр адам үшін оқшаулану кезеңі күш пен шыдамдылықтың қиын сынағына айналды. Бірақ көптеген мүгедек адамдар үшін «өзін-өзі оқшаулау кезеңі» өмір бойы өтеді. Шынында, мүгедектігі бар баланың қоғамның тең құқықты мүшесі болуы көбінесе қиынға соғады. Тұрғын үйлердің кіреберістері, баспалдақтар, сатылар мен шекаралар кедергі болып тұр. Бірақ балалар, сынақтарға қарамастан, өздерінің таза жандарына, ертегілерге, ғажайыптарға және жақсы адамдарға сенеді», — дейді Альмира Юсупова, 11 жастағы Шухрат Юсуповтың анасы,
Бірге біз бұл күнді сиқырлы етуге тырысамыз!

Related posts

СТАМБУЛЬСКИЙ ОПЕРНЫЙ ТЕАТР

ttjk

«IITU Robocon Games» чемпионаты

Назия Жоямергенқызы

Сайлау Қасабеков: БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА