Сайлау: Үміткерлерді тіркеуге 20 күн беріледі

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихат депутаттарын тіркеуді 20-қаңтардан бастады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы баспасөз мәслихатында хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров журналистерге сайлаудың күнтізбелік жоспарын таныстырды.

«Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады. 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні», — деді ол.

Қазақстанда парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 2023-жылдың 19-наурызында өтеді. Сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Сурет: baq.kz

Related posts

Қазақстан қонақ үйіне пресс-тур

ttjk

Алматыда мектеп оқушыларына арналған STEAM кеңістігі ашылды

ttjk

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСЕДІ

Назия Жоямергенқызы