РУХАНИ АЗЫҚ — ТЕАТРДА

Қасымызда — театр, бірақ кафе-бардан табыламыз. Неге?

Заман талабы, ғасыры талабы, заман өзгерді деген пікірлердің бүгінде көп айтылатыны жасыратындай-ақ емес. Тереңінен ойлап көрер болсақ, бұл пікірлердің терістігі айқындалып тұрады. Осынау күллі ғаламды Алла жаратса, адам арқылы дамытуда. Яғни, заман адамның еңбегімен жылжуда. Қазіргі кездегі оқылықтардың барлығы дерлік адамның өзгеруінен-ақ болып жатыр. Бұны қазіргі мен бұрынғыны салыстыра отырып аңғаруға әбден болады. Бүгінгі күнде барлығы дамыған, халықтың жағдайы жасалған. Қазақтар шетелге қарап, шетелде не жарқырап көрінді соны елімізге әкеле беретін болды. Ол жақсы ма, жаман ба, бізге арналған ба, қазақтарға сай ма, тәрбиелік мәні қандай? Бұл сұрақтардың біріне жауап ізделмейді де. Мысалы; түнгі клуб, бар. Қай ата, қай әжеміз түнгі клубта көңіл көтеріп еді? Олардың жастық шағында мұндай тіптен болмады да ғой. Жастардың көп бөлігін күн ұясына батса бардан ғана табасың. Бұны ешқандай да жақсыға болауға келмейді. Неге ой сананың өрістігін кеңейтуге ықпал беретін жағдаяттарға уақыт бөлмейміз. Мысалы; театрға барып неге қойылымды тамашаламасқа? Әрине театрға да баратын жастар жоқ емес, десек те жоқтың қасы десем асыра сілтегенім болмас. Бұған барарға түк те қызығушылығы жоқ жастарды кінәлаймыз ба? Әлде түнгі клуб деген бәлекетті елімізге алып келген бизнесменсымақтарды кінәлі деп танимыз ба? Бәлекет дейміз- ау, біреулер сол арқылы отбасын асырап, сол арқылы байып отыр не десек те. Барлығы осы табысқа келіп тіреледі. Қаражаты бар адам қандай бизнеспен айналысма десе, өз еркі.  Театр жанымызда бола тұра, ит арқасы қияннан клуб іздеп әуре түсудің астарында осы табыстың көзін іздеу жатқан шығар, бәлкім? Сондықтан не ойлап тапсаң да, қоғамға кері әсерін тигізерлік дүниелерден аулақ болған жөн. Ол үшін терең ойлану қажет. Яғни, жеті рет өлшеп бір рет кескен жөн. Сондай-ақ бұл түнгі клубтан жастар өнегелі дүние алып жатыр дейсіз бе? Әрине, мүлдем теріс. Ойланарлық, мәнді дүние жаздым деп ойлаймын. Терең түсіне білетін тұлғаның бұл толғауыма қосылары сөзсіз.

Берғалиева Айшат

Related posts

Hz. Mevlana’nın 747’nci Vuslat Yıl Dönümü Uluslararası Anma Törenleri

ttjk

ӘРБІР ТАСЫ СЫР ШЕРТКЕН ЫСТАМБҰЛ

ttjk

НОВЫЕ ЗВЕЗДЫ СТАМБУЛА

ttjk