Road show: Ақтөбе өңірінің туризмі шетелдерде таныстырылды

Мемлекетіміз туризм саласына көңіл бөліп, оның ел игілігі үшін маңызы зор екеніне жыл өткен сайын көз жеткізіп келеді. Ақтөбе аймағыда тауымыз бен тасымыз, өзен-көлдеріміз, қойнауында талай сыр жатқан жазирадаламызды танытуды қолға алды, нәтижесікөңіл қуантады. Өңірдің кереметін көругеасыққан туристер қатары артты. Биыл да бұлүрдіс жалғасын таппақ. Өйткені, Ақтөбеоблысының кәсіпкерлік басқармасы және VisitAktobe туристік орталығы отандық туризмдідамыту, аймақтың туристік әлеуетін арттырумақсатында шетелдерде роуд-шоу ұйымдастырды.

Мәдени-танымдық шара алдымен Астанадан басталды. Желтоқсан айында мұнда Aktobe Investment форумы өтті. Шетелдік елшілер, инвесторлар жиналған ауқымды шарада өңірдің туристік әлеуеті таныстырылды. Ұлттық дәмдердің қонақтар дәмін көріп, тамсанды. Ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаеваның заманауи стильде тіккен ұлттық нақыштағы киімдеріне қызыға қарады.

Таныстырылым елордадан бөлек, Алматы, Түркияның Стамбұл, Әзірбайжанның Баку, Татарстанның Қазан, Ресейдің Мәскеу қалаларында ұйымдастырылды. Бұл жерлерде роуд-шоудың өтудегі басты себептерінің бірі – Ақтөбеге тікелей әуе рейсінің барында.

Жалпы Ақтөбеден барған делегация мәдени-танымдық шара барысында өңірдің туристік әлеуетін таныстыратын презентацияны көпшілік назарына ұсынды.

Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі және әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азияда орналасқан. Бірегей географиялық орналасуы мен табиғи-климаттық жағдайларының арқасында өңір Қазақстанның алдыңғы қатарлы орталықтарының бірі саналады.

Өлкеде 72-ден астам қасиетті нысан бар, оның 27-сі – Ұлттық қорға енген. «Ақтолағай» борлы тау кешені,  «Аққайың» орман алқабы, Қарғалы су қоймасы, «Орқаш орманы», «Ақбота-Сәңкібай» шоқысы, «Барқын орманы», «Ырғыз Торғай резерваты», «Аққұм» шөлі, «Абат-Байтақ» мемориалдық кешені сияқтытарихи жерлер, ерекше ескерткіштер, қызықты туристік бағыттар, экстремалды турлар және ерекше демалыс орындары жетерлік.

Жыл сайын облыстағы туроператорлар шетелдік және қазақстандық жиһанкездерді таңқалдырудан алдарына жан салмай келеді. Алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғасын таппақ.

Ал шараларға қатысқан барлық елдің туроператорлары Ақтөбедегі сауықтыру және емдеу турларына, авторлық және экскурсиялық бағыттарға қызығушылық білдірді, болашақ серіктестік орнату жайын егжей-тегжейлі талқылады.

Cолтанхан Аружан, 86 мектептің 11-сынып оқушысы

Related posts

ЕР ЖӘНІБЕК КУБОГЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Назия Жоямергенқызы

Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады

ttjk