Республика күніне арналған салнататты кеш ұйымдастырылды

Биыл Түркия Республикасының құрылғанына 101 жыл толып отыр.  29 қазан күні түрік халқы Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 

Осыған орай Астанадағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мен жұбайы Аху Капуджу ханым елордада мәртебелі меймандарды арнайы қабылдауға шақырды. Салтанатты іс-шараға Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Парламент депутаттары,   Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекшетелдік, отандық дипломаттар, елшілік, бизнес өкілдері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты кеште Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның құттықтау сөзі берілді. Астанадағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мырза келгендерге осынау мерекенің мәні мен маңызына тоқталып, қос ел арасындағы жылы қарым-қатынасқа ерекше тоқталды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов  Түркия Республикасының негізін қалаушы тұңғыш президент, реформатор, әскери қолбасшысы және әлемдік деңгейде танымал тұлға – Мұстафа Кемал Ататүріктің еңбегін атап өтті. «Түрік ғарышкерінің сәтті сапарының аяқталуымен құттықтаймын. Биылғы 19 қаңтарда Түркия ғарыш саласы үшін тарихи дата ретінде тарих парағына енді. Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы АҚШ-тағы Кеннеди Халықаралық ғарыш орталығынан «SpaceX» компаниясының Аждаһар атты әлем кемесімен көкке көтерілгені белгілі. Біздің тәуелсіздігімізді ең алғаш таныған ел ретінде танимыз. Екі жақты қарвм қаиынас, ынтымағымыз дамып келеди. Екі ел Президентінің достығын айрықша айтуға болады. Режеп Тайып Ердоғанның  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысуын  ерекше атап өту қажет, маңызды оқиға. Сондай-ақ ел мен елдің арасындағы достық қарым-қатынастарға жастарымыздың Түркияда білім алуы да жақсы әсерін тигізіп жатыр», деді Ерлан Жақанұлы.

 

Related posts

TALENFORBIZ ҚАЗАҚСТАНДА: ӘЛЕМДІК ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАС ТАЛАНТТАРМЕН БІРІГЕДІ

editor

Талисман Олимпиады 2024 года вдохновлен «Фригийской шапкой анатолийского происхождения»

Назия Жоямергенқызы

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА