Ресейліктерге азаматтық алуға көмектесуге уәде еткен

Алаяқтар ресейліктерге азаматтық алу үшін құжаттарды жинау және өңдеу қызметтерін ұсынған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жарияланып жатыр. Айта кету керек, бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.
Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттартарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады.

Related posts

Зейнетке ерте шығуға рұқсат берілмек

editor

Абай облысының әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды

editor