Ресейде апатқа ұшыраған екі қазақстандық қаза тапты

Ресейдің Самара облысы Самара — Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында еліміздің тоғыз азаматы жол апатына ұшырады.

Жол апаты туралы ақпарат 5 қаңтарға қараған түні болған. Апаттың салдарынан тоғыз қазақстандық зардап шеккен. Олардың екеуі көз жұмған болатын.  Марқұмдардың мәйіті елге жеткізілді. Ал зардап шеккен жеті адам, оның ішінде екі бала жедел жәрдеммен Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілген. Оларға мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар алғаны туралы диагноз қойылған.

 

Related posts

6 адам құтырма ауруынан көз жұмды

editor

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Назия Жоямергенқызы

Қытайда көлемі алмамен бірдей бұршақ жауды

Назия Жоямергенқызы