Пышақпен шабуылдаған күдіктіні ұстаған ұландықтар марапатталды

Оқиға 10 қыркүйек күні Астанадағы Байқоңыр ауданында орын алған. Ә. Жангелдин көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде патрульдік топ бастығы Ермахан Төребеков қансырап жатқан адамды байқап қалады.

Жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегімен оқиға орнынан қашып кеткен күдіктінің бағытын анықтаған. Шұғыл хабарлама алған әскери жасақ бастығы сержант Нұрсұлтан Қайратбек және патрульдеуші сарбаздар Бақытжан Боранбаев пен Ярослав Фикс жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, көп ұзамай күдіктіні Қарасай батыр көшесінде қолға түсіреді.

Бүгін Ұлттық ұланның елордадағы әскери қалашығында аталғае әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрығымен ,,Ұлттық ұлан қызметінің үздігі,, төсбелгісімен марапатталды. Марапатты жауынгерлерге Ұлттық ұлан Бас штаб бастығының орынбасары — Жедел басқару бас басқармасының бастығы, полковник Ерлан Жақыпов табыстады.

«Қала тыныштығын сақтау — біздің басты міндетіміз. Бас қалада өтіп жатқан ауқымды шара кезінде тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берудеміз. Сондықтан, кез келген жағдайға дайынбыз, көмекке жедел барамыз», дейді сарбаздар.

Бүгінде қала көшелерінде сарбаздардың қырағылығының арқасында күн сайын түрлі қылмыстық оқиғаларға тосқауыл қойылып, есірткімен, қарумен жүрген, қоғамға қауіпті азаматтар қолға түседі. Жоғалған балалар ата-анасына, табылған заттар иелеріне қайтарылады. Адам өміріне араша түскен жағдайлар да аз емес. Айта кетелік, Астана қаласының тыныштығын күзетуге Ұлттық ұланнан күнделікті 1000-нан аса әскери қызметші жұмылдырылады.

Related posts

ҚХР Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы анағұрлым өркендеген жаңа Қазақстан құратынына сенім білдірді

Назия Жоямергенқызы

Түркия: гольф ойнауға өте ыңғайлы

Назия Жоямергенқызы

«Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» қойылымы

Назия Жоямергенқызы