Президентті қамауға алу туралы ордер берілді

Оңтүстік Кореяның соты ел тарихында алғаш рет қызметінен уақытша шеттетілген, бірақ әлі де қызметтегі президент Юн Сок Ёльді қамауға алу туралы ордер берді.
Ел заңына сәйкес, қамауға алу ордері шығарылған күннен бастап бір апта ішінде жарамды. Юн Сок Ёльге үйінде тінту жүргізуге ордер берілді. Жоғары қызметтегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тергеу басқармасы (CIO) жақын арада ордерді орындау үшін шара қолданады деп күтіліп отыр.
Юн Сок Ёль уақытша шеттетілсе де, қазіргі мемлекет басшысы ретінде президенттік қауіпсіздік қызметінің қорғауына алынған. Осыған байланысты агенттік президентті қамауға алмақ болған кезде қауіпсіздік қызметкерлері қарсылық көрсетуі мүмкін екені де айтылып жатыр. Юн Сок Ёльдің қорғаушысы бұл ордерді «заңсыз» деп атап, наразылық білдіріп үлгерді.

Related posts

TÜRKİYE’S MOST BEAUTIFUL BEACHES

ttjk

İstanbul’s Iconic Atatürk Cultural Center Welcomes Award-Winning Installation

Назия Жоямергенқызы

Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

editor