Президент: «Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр»

БАҚ өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа«Қазіргі Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?» деген сұрақ қойылды.

– Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкіметтің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Related posts

Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасымен бірге мемлекеттер арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей беретініне назар аударды

Назия Жоямергенқызы

Қозғалысқа қауіп жоқ

Назия Жоямергенқызы