Полиция қызметкеріне пара ұсынып, қылмыстық жауапқа тартылды

Қостанай облысының тұрғыны полицейге заңсыз ақша ұсынғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Тұрғын көлігінің габариттік шамдары істен шыққан күйде жүргізіп келе жатқан. Бұл ереже бұзушылықты жол полициясының қызметкері анықтап, оған әкімшілік хаттама толтырған. «Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылмас үшін полиция қызметкеріне 3 мың теңге ұсынбақ болған. Полицей оған бұл әрекеттің заңсыз екенін және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірген. Алайда жүргізуші сөзді елемей, ақшаны көлік панеліне қойған», деп жазылған хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, ауыл тұрғынына қатысты  Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл баптар мемлекеттік қызметкерге пара беруге әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады. Кінәсі дәлелденсе, сот оны бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін үкім кесуі мүмкін.

Related posts

Прокуратура Талғардағы бала өліміне қатысты мәлімдеме жасады

editor

Израиль мен ХАМАС бітімгершілікке келмек

editor

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Назия Жоямергенқызы