Полицейлер шыршаларды заңсыз кесу әрекеттерін әуеден бақылауға көшті

Шығыс Қазақстан облысында Жаңа жыл қарсаңында шыршаларды заңсыз кесу мен сатуға қарсы 20-31 желтоқсан аралығында  «Шырша» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Заңсыз ағаш кесуге қарсы күресті күшейту мақсатында мобильді топтар  орман шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар полицейлер өңір аумағында орман алқаптарының сақталуын тексеру үшін тікұшақпен әуеден бақылау жүргізіп жүр. Іс-шара басталғалы бері 20-дан астам заң бұзушылық тіркелген. Сондықтан құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды сақтауға шақырып, заңды қатаң сақтауды ескертеді.

Шыршаларды заңсыз кесу келтірілген залал көлемі 50 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, әкімшілік жазаға әкеледі. Егер зиян бұл межеден асып кетсе қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылады.

Related posts

ТУРЕЦКИЕ БЛЮДА НА ГАЛА УЖИНЕ ЦЕРЕМОНИИ ОСКАР-2019

ttjk

Екі жүзден астам балуанның арасында екінші орын иеленді

editor

ПЕДАГОГТАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

ttjk