Павлодар мұнай-химия зауытының битум қондырғысында жаңа пеш іске қосылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов бүгін Павлодар мұнай-химия зауытында болып, битум өндіруге арналған қондырғының жаңа пешін іске қосты.

«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов битум өндіруге арналған қондырғыда орнатылған жаңа пештің сипаттамалары мен оның кәсіпорындағы өндіріс көлеміне әсерін баяндады.

Жаңа пешті іске қосу жұмыстары ПМХЗ орталық басқару пунктінде жүргізілді.

«Мемлекет басшысының ішкі нарықты отынмен қамтамасыз ету жөнінде қойған міндеттерін орындау шеңберінде «ҚазМұнайГаз» мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдері желісін өндіру көлемін арттыру үшін іс-шаралар кешенін қолға алды. Атап айтқанда, жол құрылысының отандық экономиканыңдамуындағы маңызды рөлін ескере отырып, бұл шаралардың бірқатары битум шығаруды арттыруғабағытталды.

Бүгін іске қосылатын битум өндіру қондырғысындағы жаңа пештің құрылысы да осы міндетті шешуге арналды. Жоба – битум өндірісін арттыру бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі деуге болады. Жаңа пеш еліміздегі ең көне мұнай-химия кәсіпорындарының бірінде битум өндірісін айына 45 000 тоннадан 52 000 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, «ҚазМұнайГаз» жоғары сапалы битум өндірушілер нарығындағы жетекші позициясыннығайта түседі», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Технологиялық пеш азот оксидтері шығарындыларының көрсеткіштері төмен заманауи оттықтармен жабдықталған, өнеркәсіптегі қауіпсіздік нормаларына, апатқа қарсы қорғау жүйесіне сәйкес келеді және зауыттың тарату басқару жүйесінеқосылған.

Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында битум шығарумен Ақтау битум зауыты (САЅРІBITUM ЖШС) да айналысады. Қазіргі уақытта ҚМГ қытайлық әріптестерімен бірлесіп САЅРІ BITUM зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1млн-нан 1,5 миллион тоннаға дейін арттыру жобасын қолға алды, бұл кәсіпорында жол битумын өндірісін қазіргі жылына500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Related posts

ҚЫЗЫЛОРДАДА ФРИ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Назия Жоямергенқызы

ХАЛЫҚ БАНКІНЕН АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖЕҢІЛДІК

ttjk

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАР ЖЫЛЫНА 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚЫРМАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Назия Жоямергенқызы