Пара туралы хабарлағандарға 4 млн теңге сыйақы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы департаменті биыл пара туралы хабарлаған 6 азаматқа 4 млн 486 мың теңге сомасында сыйақы берілгенін хабарлады.

Сыйақының ең көбі — пара сомасының 10 пайызы, яғни 3 млн. 745 мың теңге болған. Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен (3 млн. 692 мың теңге) аспайтын хабарлама үшін сыйақы 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (110 760 теңгеден 369 200 теңгеге дейін) беріледі. Көрсетілген сомадан жоғары болса – сыйақы параның 10%-ына тең болады, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет (14 млн. 760 мың теңге).

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың байқаусызда куәгері болған адамдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бірнеше тәсілмен жүгінуге болады. Оның ішінде Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 15 мекен-жайы бойынша департаментке өтініш жазу,  «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш қалдыру немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласу.

#жемқорлық #парақорлық #жемқорлыққажолжоқ #сенімтелефоны #сыбайласжемқорлық

Related posts

127 мың жас қазақ күйін күмбірлетті

ttjk

«ЧУЖОЙ БЕДЫ НЕ БЫВАЕТ»

ttjk

Улудаг: горнолыжная зона Бурсы

ttjk