Отбасының цифрлық картасы АӘК тағайындау үшін негіз болады

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тек мұқтаж адамдарға ғана тағайындалатын болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) басшысы Светлана Жақыпова ведомствоның кеңейтілген Алқа отырысында айтты.

2019 жылы АӘК-ті 2,2 млн адам алды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару, мемлекет пен көмек алушылардың өзара міндеттемелерін қолдану жөніндегі белсенді шаралардың арқасында олардың саны 2023 жылы шамамен 600 мың адамды құрады.

Бұл ретте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыру қажеттілігі туралы міндет қойды, бұл жәрдемге мұқтаж азаматтарды нысаналы қолдау үшін ресурстарды босатуға көмектеседі.

Министрдің айтуынша күн тәртібінде Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып, АӘК толық трансформациясы тұр. Бұл қаражаттың атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті көмек алушыларды, бюджеттің шығыс бөлігін айқындауға мүмкіндік береді.

«Көмекке мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленетін болады», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Сонымен қатар, АӘК трансформациясының барлық процестерінде адам факторын болдырмау үшін цифрландыру негізгі компонент болады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылы 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға АӘК тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалды.

Related posts

Ауыр жүк көліктерін тіркеудің 677 фактісі анықталды

Назия Жоямергенқызы

Туркестан — это духовное созвучие, соединяющее прошлое и настоящее тюркского народа

ttjk

Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Назия Жоямергенқызы