«ҚОР ҚЫЗМЕТІ ӨҢІРЛЕР ҮШІН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Қызылорда облысы әкідігімен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Қор қызметі өңірлер үшін» атты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ҮЕҰ өкілдеріне арналған дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Л.Шыңғысбаева және бірақатарүкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, салалықбасқарма басшылары, денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының өкілдері, қала, аудан әкімдіктерің қызметкерлері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы қоғамдық қор жұмысының маңыздылығына тоқталып, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсететін жеткізді.

Жиын барысында Лаура Алтынбекқызы аталмыш қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын айтып, бүгінге дейін жүргізілген жұмыстарының есебі мен алдағы жоспарларын таныстырды.
Сондай-ақ, қор қазіргі таңда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және оңалту, спорт салаларында жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге
40-тан астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыратынына тоқталып өтті.Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіліп,қор бағдарламалары елдің барлық өңірінде, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылатындығын жеткізді.
Қазіргі таңда,Қызылорда облысы бойынша 15 қайырымдылық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 785,6 млн теңге сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді және алдағы уақытта түрлі салалар бойынша 2,1млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Жиында бірқатар үкіметтік емес ұйым жетекшілері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Л.Шыңғысбаеваға қор қызметіне қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын білдіріп, қаржыландыру көздерін және қаржының мақсатты жұмсалуын талқылады.

Жиын соңында Қордың қаржыландыруымен атқарылып жатқан барлық жұмыстар туралы толық мәлімет ашық ақпарат көздерінен қоғам назарына ұсынылып, мақсатты бағыттарын анықтауға қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді түрде тарту мәселелері сөз болды.

Related posts

ҚАЗАҚСТАН-БАЛЫКЕСИР МЕДИА БІРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ

ttjk

Ауқымды энергетикалық жобаларды тиімді жүзеге асыру қажет

Назия Жоямергенқызы

Халық денсаулығына бөлінген қаражат көлемі артты

editor