ОПЕК қоры 20 жылда Орталық Азияға 1,4 млрд доллардан астам инвестиция құйған

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында баяндама жасады. Ол депутаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы Негіздемелік келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын таныстырды.

Жалпы ОПЕК Қоры дамушы елдерге қарыздар мен техникалық көмек арқылы қаржылық қолдаумен айналысады.

Қор құрылған сәтінен бастап (49 жыл ішінде) әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асыруға 30 млрд доллардан астам қаражат бөлді.
Орталық Азия елдеріне 20 жыл ішінде 1,4 млрд доллардан астам қаржы құйды.

Баспасөз қызметі

Related posts

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

editor

Қазақстан Ресейге нота жолдады

editor

ТҮРКИЯНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ

ttjk