ОКТАЙ: Жарылысты әйел адам жасады

13 қараша 2022 ж. Стамбұлдың Таксим алаңына жақын маңда, туристер мен жергілікті халық жиі шоғырланатын Истиклял көшесінде болған жарылысты әйел адам жасаған.
Бұл туралы Түркия президентінің кеңесшісі Фуат Октай мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір жарылыстан зардап шеккендер саны артқан: 6 адам қаза тапты, 82 адам жараланған. 2 азаматтың жағдайы ауыр.
Оқиға болған жерде полиция, прокуратура, “Жедел жәрдем” қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеу жұмыстары басталды.
Жарылысты кімнің ұйымдастырғаны туралы ресми мәлімдеме әзірге жасалған жоқ. Бірақ Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған лаңкестік әрекет ретінде бағалады.
Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры

Related posts

ISAF’TA — BÜYÜK BULUŞMA

Назия Жоямергенқызы

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

editor

Turkaegean herbs add flavour and health to recipes

ttjk