НИКОТИНІ БАР ӨНІМДЕРДІ САТУҒА ШЕКТЕУ

Қазақстанның сауда кәсіпорындарының қауымдастығы кәмелеттік жасқа толмағандарға құрамында никотин бар өнімдер сатуды шектеу туралы «Adal nietpen» жобасының нәтижелерін жариялады.

Аталған жобаның басты мақаты — кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және құрамында никотин бар өнімдерді (ҚНБӨ) өткізудің алдын алу мақсатында бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушылардың жауапкершілігін арттыру.

Жоба үй жанындағы дүкендердің өкілдеріне, соның ішінде меншік иелеріне, сатушыларға, кассирлерге – ҚНБӨ және 21 жасқа толмаған азаматтармен байланыс орнататын барлық адамдарға бағытталған.

«9 ай ішінде біз көп нәрсе жасадық: Адал нарық қатысушыларының қоғамдық декларациясын жарияладық және барлық мүдделі тараптарды оған қосылуға шақырдық. Біз Instagram платформасын (100 мың жазылушы) іске қостық, ол арқылы бөлшек сауда өкілдеріне арналған маңызды жаңалықтармен бөлісеміз. Жобаның жақсы нәтижесі ретінде Adal Uzdigi байқауын атап өтуге болады, оның аясында еліміздің әр өңіріндегі ең жауапты дүкендер анықталды. Байқауға 44 сауда орны қатысты. Нәтижесінде еліміз бойынша 15 жеңімпаз іріктелді», — деп атап өтті ҚНБӨ басқарма төрағасы Жибек Ажибаева.

Сондай-ақ, жоба аясында Қауымдастық Alvin Market агенттігімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың (21 жасқа дейінгі) никотині бар өнімдерге қолжетімділігі мәселелері бойынша сатушылардың пікірін білу үшін зерттеу жүргізді.

Зерттеудің негізгі қорытындылары:

  • Темекі мен алкогольді ішімдіктер ең зиянды өнімдердің қатарына енуді жалғастыруда. Бұл ретте темекі қыздыруға арналған құрылғылардың зияндылығын бағалау біршама төмендеді.
  • Барлық сатушылар 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғанын біледі. 10 сатушының 9-ы осы санаттағы сатып алушылар жүгінген кезде темекі өнімдерін сату қағидаларының толық сақталуын мәлімдейді.
  • Сонымен қатар, сатушылардың тек 36% — ы темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды темекіге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды, бұл өткен жылдың деңгейінен сәл өзгеше.
  • Кәмелетке толмаған жастар арасында темекі шегуге және никотинге тәуелділікке қарсы күрес үшін негізгі жауапкершілікті сатушылар бірінші толқынның нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына жүктеуді жалғастыруда.
  • Көптеген сатушылар қалалық дүкендерде кәмелетке толмағандарға темекі сату жағдайлары туралы естіді және бір дүкеннен бас тартқаннан кейін кәмелетке толмаған сатып алушы темекіні басқа сауда нүктесінен сатып ала алады деп санайды. Сатушылардың көпшілігі сатушы осы тыйымды сақтамағаны үшін жауапқа тартылған жағдайлар туралы сирек естиді. Бұл көрсеткіштер 2020 жылмен салыстырғанда аздап өзгерді.
  • Сурет: www.uinan.net

Related posts

ХVI Международная Жаутыковская олимпиада

Назия Жоямергенқызы

EMITT-2023: СТАМБҰЛДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТУРИЗМ ЖӘРМЕҢКЕСІ

ttjk

Алматыда 660-қа жуық жоба қаржыландырылған

editor