Некеге тұрған жастарға пайызсыз несие берілмек

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 2025 жылды «Отбасы жылы» деп жариялап, бірқатар бастама ұсынып отыр. Оның ішінде маңыздысы — некеге тұрған жастарға пайызсыз несиені енгізу. Несие сомасы 48 айға 150 000 Түрік лирасы беріледі.

Бұл ретте несиені өтеу мерзімін екі жылға кейінге қалдыру тетіктері де қарастырылған. Бұл ұсыныс жас жұбайлардың қаржылық ауыртпалығын азайтып, олардың бірге бақытты өмір сүруіне септігін тигізеді. Сондай-ақ жаңа бағдарлама аясында бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері де өсуі мүмкін. Бірінші бала үшін ата-аналар 5 000 лира  мөлшерінде біржолғы төлем алса, екінші бала үшін айына 1 500 лира төленеді. Ал үшінші және әрбір кейінгі бала үшін отбасы ай сайын 5 000 лира алады.

Түркия басшысы  бұл шаралар отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға, жас ата-аналарды қолдауға және бала туу көрсеткішін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

 

Related posts

ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы: «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» (фото)

ttjk

Программа безопасного туризма в Турции стала безопаснее с Программой по вакцинации работников туристического сектора

ttjk

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды

editor