Назым Қызайбай — Қазақстан тарихында бокстан үш дүркін әлем чемпионы

 Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында өткен бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай финалдық кездесуде ресейлік Юлия Чумгалакованы 5:0 есебімен жеңіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. 

Бұл жетістік әйелдер спортының дамуына серпін беріп, оны жаңа белеске шығаруға ықпал етті.

2014 және 2016 жылғы әлем біршілігінде топ жарған Назым Қызайбай  Қазақстан тарихында бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы. 

Бұл жеңіс – тек спортшының ғана емес, жалпы еліміздегі бокстың дамуының көрсеткіші. 

Еліміздің спорт тарихындағы алтын әріппен жазылатын сәтпен барша отандастар құттықтап, жарыса жазып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз парақшасында Назым Қызайбайдың жеңісіне қатысты құттықтау жолдады.

“Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін».

Зере Сейсенқызы,Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика факульетінің 2-курс студенті.

Сурет ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтынан алынды.

Related posts

Michelin Внесла в Список 53 Ресторана в Стамбуле

ttjk

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КОНСУЛДЫҒЫ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

ttjk

THE MOST BEAUTIFUL DIVE ROUTES IN TÜRKİYE

ttjk