БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ БОЛ

Жастардың, яғни, біздің қазір жалындап тұрған шағымыз. Дәл осы жалынды өшіріп алмауға күш салуымыз қажет. Көп нәрсені білгіміз келеді. Көп нәрсеге қызығамыз. Жастық шақ – болашақтың бастауы. Бала кезіңде қай салаға қызығып икемделсең, болашақта аяғыңнан тік тұруға сеп болады. Сондықтан жастықтың лапылдаған жалынын пайдалыға жұмсаған дұрыс.

Күні ертең-ақ жастардың барлығы да әр отбасының иесі мен киесіне айналады.  Егер жанұяң ұйыған айрандай ұйымшыл болсын десең, білім көкжиегіңді кеңейт. Оқығаныңды көңілге тоқып жүр. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».

Ішкі энергияң тасып тұрған шақта еліңе ерінбей, еңбек ет, ата-анаңа көмек қолын соз. Арманда, мақсат қой, талпын, дәлелде. Армандап және сол арманға мақсат қойып талпынсаң ғана өз мүмкіндіктеріңді дәлелдей аласың! Биік мақсаттарың мен асқақ армандарыңа қол жеткізесің.

Қазір жастардың асау биіктерді бағындырып, одан қалды алпауыт компаниялармен бірлесіп жұмыс жасап жатқанын талқылап жүрміз. Жас буынның ғылымға қосып жатқан үлесі көп. Мемлекетке көмегін тигізіп, халқының ақ батасын алуда. Бұндай азаматтар көбейсе, елінің тілегі әрі тірегі болар еді. Жастарға барынша қол ұшын беріп, шың басына шығуға бірге атсалысуымыз керек.

Қазақ елі өз жастарына үміт артады. Бұнымен қоймай, сол жастарға мүмкіншілік жасауда. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жоғарыда айтып өткендей жастар мүмкіншіліктерін дәлелдеуде. Мемлекет тарапынан бұл іске қыруар қаржы төленуде. Соның нәтижесінде біздер шет жақтығы елдерге барып білумімізді шыңдап келудеміз. Дамыған елдер қатарына кіруге, бұл бір жаңа серпіліс болмақ.
Нұрлан Айбекұлы

Related posts

Ж.МАХАМБЕТОВ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады

ttjk

ЮНЕСКО кафедрасы III PR Қысқы мектебін өткізеді

ttjk