МИГРАНТ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЖАТ

Әлемдегі түрлі саяси текетірестер, қарулы қақтығыстар, экономикалық және әлеуметтік қиындықтар салдарынан зардап шеккендер көп. Олардың арасында бейкүнә балалар да бар. UNISEF тарапынан жарияланған деректер жантүршігерлік…

Марракеште Үкіметаралық конференция аясында Қауіпсіз, жүйелі және заңды миграция туралы жаһандық келісімге қол қойылды.

Қазақстан Жаһандық келісімге қол қойған елдер қатарына кірді. ЮНИСЕФ жаһандық келісімнің қабылдануы көші-қон үдерістерінде бала мүдделерін қорғауға көмектеседі деп үміттенеді.

”Бұл келісім балалар өлімін азайтуға, балаларды зорлық-зомбылықтан және эксплуатациядан қорғауға, отбасынан айыру мен елден мәжбүрлеп шығару мәселелеріне байланысты зақымдануды болдырмауға және балалардың қамы үшін көші-қон үдерістерінің артықшылықтарын оңтайландыруға шақырады”, — деп ЮНИСЕФ-тің балалар құқықтары жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина атап өтті.

Мигранттардың басым бөлігі өз елдерінен өздерінің еріктеріне қарсы кетуге мәжбүр, ал 40%-дан астамы медициналық көмек ала алмайды, деп  Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өткізген зерттеуде көрсетілген. Зерттеу Мароккодағы Үкіметаралық конференциясында жарияланды.

Зерттеуге 14 және 24 жас аралығындағы өздерін босқын немесес мигрант деп атап өткен төрт мың жас адам қатысты. Зерттеуге қатысқан жастар Еуропа, Азия және Африка елдерінен.

«Қатысушылардың 58%-ы бір немесе одан да көп жыл оқуға бармаған, 44%-ы жолға жалғыз шыққан», — делінген құжатта. Сонымен қатар, 38%-ы туыстарынан, достарынан немесе әлдебір мекемелерден көмек ала алмаған, деп атап көрсетті ұйым.

ЮНИСЕФ әлем көшбасшылары мен үкіметтерді көші-қон саясатының балалар өміріне әсерін ескеруге шақырады. ЮНИСЕФ қатысушы үкіметтерді бала мигранттарға білім беру және медициналық көмек сияқты негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етуге және көші-қонның барлық сатысында трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға шақырады.

“Біз көші-қон үдерістерін тоқтата алмаймыз, алайда біз мигранттардың және босқындардың қауіп-қатерлер мен кемсітушіліктерге соқтығуына жол бермеуімізге болады. Мемлекеттердің көші-қон қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар. Үкіметаралық конференцияда ұсынылған міндеттемелер, оның ішінде балалардың мүдделерін қорғау және мигрант балаларды балаларды қорғау ұлттық жүйесіне тарту сияқты іс-шаралар, жүзеге асыруға болатын мақсаттар болып табылады”, — дейді Лоуренс Шанди, халықаралық ұйымның өкілі, ЮНИСЕФ-тің деректер, зерттеу және саясат жөніндегі директоры.

Қазақстанда ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың қолдауымен «Көші-қон үдерістерінде балалардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның серіктестері балалар мен жастарды өз өміріне және болашағына әсер ететін мәселелерді шешуге тартуға ерекше көңіл бөледі. “Біздің ойымызша, балалар мен жастар тек қорғанып қоймай, ірі серіктестер ретінде қатысу керек. Табыс ақылды серіктестікке байланысты, сондықтан біз халықаралық көші-қон үдерістерінде туындайтын мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекеттерді бір-бірімен, халықаралық, ұлттық және жергілікті ұйымдармен, сондай-ақ жастармен ынтымақтасуға шақырамыз”, деп Татьяна Адерихина қорытындылады.

Мароккодағы БҰҰ-ның Үкіметаралық конференциясында Қауіпсіз, жүйелі және заңды көші-қон бойынша ғаламдық келісім 150-ден астам мемлекеттердің түрлі деңгейдегі делегацияларының қатысуымен бекітілді.

Нәзия Жоямергенқызы, +7 778 878 34 08

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ҮЙДЕ ОТЫРЫП, ХАЛЫҚ БАНКІНЕН ШОТ АШЫҢЫЗ

ttjk

РУМЫНИЯНЫҢ НАЗАРЫ — ТҮРКИЯДА

ttjk

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы