Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынбаған

Үкіметтің 2001 жыл 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеген.

Министрліктің мәліметінше, осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).

«Қазір бұл қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ. Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Инвестициялық жобаларды іске асырудан және мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс», делінген хабарламада.

Related posts

Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті

ttjk

Археологическая площадка Сагалассоса

ttjk

Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді

Назия Жоямергенқызы