Мемлекеттік тіл және БАҚ

Кез келген ұлттың тілі, жағдайы, әлеуметтегі өзгерісі сол ұлттың бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде телехабарлардан, газет-журналдар тілінен көрініс табады. Ал телехабарлар тілі – көпшілік көрермен қауымға бағытталған, ой-санасына негізделген ауызша әдеби сөйлеу тілі. Қоғамның жан-жақты дамуымен бірге тілдің сөздік қоры мен жиынтығы, сонымен бірге құрамы да дами түсуде.

Ауызша сөйлеу тіліне негізделген бұқаралық ақпарат құралдарының тілдік дамуға тигізер әсері мен септігі зор екендігі туралы пайымдалып тұр. Себебі, тіл – тарихи құбылыс, ол әрбір кезеңдерде өзіндік сипатта қолданыс табады. Бұқаралық ақпаратта тіл мезгіл сайын өзгеріске, жаңашылдыққа ұшырайды. Телехабарлар тілін, оның стильдік ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналуда. Еліміздегі телеарналардағы мемлекеттің тілдердің үлесін топтастырып көрейік:

Мемлекеттік телеарналар. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тіл мәселесіне жете назар аударылады:

Қазақстан, Мәдениет, Балапан арналарында мемлекеттік тіл үлесі – 100%;

Хабар – 77%.

Соның ішіндегі Қазақстан Ұлттық телеарнасын еліміздің 98,63% қарайды.

Коммерциялық арналар. Коммерциялық арналарда көбінесе мемлекеттік тіл мәселесі жете қаралмайды:

Алматы – 48%, КТК – 31%;

31 арна – 20%;

Таң – 11%;

НТК – 3,5% мемлекеттік тілде хабар таратады.

Ғалымдар әр отбасында теледидар күніне жеті сағатқа дейін жұмыс істейтінін анықтады. Демек, орта есеппен әрбір отбасы мүшесі күніне 4 сағатын жұмсайды.

Төменде «Ашық алаң» бағдарламасынан үзінді берілген. Мемлекеттік тілде жүргізілетін бағдарлама болғандықтан, қазақ тілінде сөйленілген үзіндіні қысқаша топтастырдым. Журналисттер арнайы дайындалып, мүдірмей, қазақ тілін жүйелі қолданады. (Барлық жағдайда емес.) Ал қонақтар мен қатысушылардың сөйлеу тілі халықтың сөйлеу тілінен хабар береді. Бірақ, заңды тұлғалар мен жоғары санатты мамандар болғандықтан, мемлекеттік тілді жүйелі, сөйлем жүйесін сақтап, таза және анық сөйлеуге болады деп ойлаймын. Тым болмаса, дайындалып, айтар ойды жинақтап сөйлеуге болады. Себебі, БАҚ – тек қана хабар таратушы орын емес, онда тілдің өзегі жатыр. Тілдің тұлғасы БАҚ арқылы тұтас халыққа тарайды.

«Ашық алаң» бағдарламасынан үзінді

Психолог: «Бала кабинетке кірісімен оның көңіл-күйін білесің. Өзінің жаңағы өзінің төмен  есептеуі, өзін жаңағы бір не болып не етеді да, басын төмен түсіп, керексіз санап жүруі де отбасыдағы әлімжеттіктің әсері. Оны сразу көруге болады.»

ҚР Әйелдер істері отбасылық-денографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Салтанат Тұрсынбекова: «Ағымдағы жылдың  8 айында 38644 әкімшілік шағым берілген екен. Ол жерде балалардың құқығын таптау жөнінде іс басшылыққа алынған. Ол жерде көрсетілген істердің 80%-ы қайтадан жабылып, арыз берушілер қайтадан арыздарын алған. Ол жерде көрсетілген істің басым көпшілігі кәмелетке толмаған, мектеп жасындағы балаларға көрсетілген әлімжеттік. Шағымын яғни заявлениясын алушылар әйелдері. Баяғы қазақтың әйелдері өз күйеулерін қорғау мақсатында…»

3-спикер: «Балаларын жолда, туалетте  туады да, кейін олар өскен соң таяқтың астына алып жатады. Меніңше, бірінші қыз тәрбиесін, ана тәрбиесін қадағалау керек.»

Қорыта айтқанда, БАҚ құралдарықоғамның айнасы ғана емес, тілдің тұтастығын ұстайтын құрал. Қазақ тілінің өміршеңдігі де сонда. Себебі қандай тілдің болмасын өміршеңдігі сол тілде сақталған ақпараттардың көптігіне, оның жазба материалдарда сақталуына және БАҚ құралдарында қаншалықты көп дамығандығына байланысты. Дегенмен де, тілдің байлығымен мақтану бір бөлек, сол бай тілді таза қалпында қолдану, тарату бір бөлек. Әйтпегенде, қазақ тілінің байлығымен мақтану, бос мақтан болып қала бермек. Әрекет керек.

Мауленбай Аружан

Related posts

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы

Паландокен: қыс қызығы – шыңда

ttjk

Türkiye has become a cultural hotspot for affluent European travellers

ttjk