МЕМЛЕКЕТ ӘР БАЛАҒА 70 000 ТЕҢГЕ БЕРЕ МЕ?

“Балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізу туралы ақпарат – жалған”.

Дәл осылай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты: “Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды”.

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде бейтаныс біреулер дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қолдаулар, жәрдемақы, өтемақы туралы ресми ақпараттарды  тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын ескертті.

Баспасөз қызметінің мәліметінде: “Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз”, — делінген.

Нәзия Жоямергенқызы

Related posts

Қазақстан-Түркия: білім саласындағы ынтымақтастық

Назия Жоямергенқызы

5 желтоқсан — Дүниежүзілік түрік кофесі күні

Назия Жоямергенқызы

Астанада 200-ге жуық жоба іске асырылуда

Назия Жоямергенқызы