Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысының алдында есеп берген Бас прокурор еліміздегі заңдылықтың сақталуы мен құқықтық тәртіптің жай-күйі, қадағалау органының басым бағыттары, нвестициялық жобаларды қолдау туралы баяндады.

Оның айтуынша, ел экономикасына 8,3 триллион теңге қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы 500 шешімі бекітілген жоқ. Қабылданған шаралар инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыра түсуге мүмкіндік берген.

Активтерді қайтару жұмыстары туралы айтқан ол: «Биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарды.  Активтерді басқару компаниясына кәсіпорындардағы құны 82 миллиард теңге болатын мүлік пен үлестер берілді. Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды» деді.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді.  Соңғы 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылып, айналымға енгізілген. Жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін, яғни 4 есе қысқарған, жерге үлесі бар 11 мың адамның құқығы қорғалған. Атышулы бірқатар қылмыстық істің тергелу барысынан хабардар еткен Берік Асылов есірткі қылмысына қарсы күрестің жай-күйі жөнінде де ақпарат берді. Жыл басынан бері есірткі сатудың 1573 фактісі анықталған. 15 тоннадан астам есірткі тәркіленген, соның ішінде 1 тонна синтетикалық есірткі бар. 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылып, 13 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында айқындалған «Заң және Тәртіп» бағдарын нығайту ісіне прокуратура органдарының күш-жігерін барынша жұмылдыруды, әсіресе, заңға қайшы кез келген әрекет үшін жазадан жалтаруға жол бермеуді тапсырды.

Related posts

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ttjk

Түркияның астанасы Анкарада зерттеуге тұрарлық көптеген жасырын қазына бар

ttjk

ТҮРКИЯДА АВТОБУС БИЛЕТТЕРІ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

ttjk