Мазмұнға өту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түсті

2025 жылғы 17 мамыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, парламенттер спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп жатыр.Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл және тағы да басқа тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсуде.

Akordaa.kz


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6085

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.