Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Президентке форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-тің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент Кеңес Хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.

Related posts

Кездесуде Олаф Шольцтің өтінішімен Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді

editor

Wooden Hypostyle Mosques in Anatolia Also Make It to UNESCO World Heritage Sites List

Назия Жоямергенқызы

Парламент тарайтын болды

ttjk