Мектепте орамал тағуға қатысты тыйым жойылған жоқ

Жоғарғы сот мектепте орамал тағуға қатысты мәлімдеме жасады.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралып жатыр. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.

«Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады» делінген хабарламада.

Related posts

ТОҚАЕВ ТҮРКИЯ ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ttjk

Олжас Бектенов: Байланыс операторларының бағалық сөз байласу мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуін, міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету қажет

Назия Жоямергенқызы

Кулинарные сцены Измира и Бодрума блестяще вошли в путеводитель MICHELIN 2024 по Стамбулу, Измиру, Бодруму

Назия Жоямергенқызы