Медиа саласының майталмандары жиналды

«TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбында өтіп жатқан форумға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген БАҚ өкілдері ғана емес, шетелдің бірнеше мемлекетінен тәжірибелі медиа саласының майталмандары, еліміздегі әртүрлі ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің жауапты басшылары қатысты.
Олардың қатарында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті, Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (WFPA) президенті Нәзия Жоямергенқызы, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлұ, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, «Түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Нұрбибі Жекен, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков сөз сөйледі.

 

Сонымен қатар шараға арнайы келген шетелдік қонақтардың арасында Өзбекстандағы «Халык сузи» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усманов, Ұлыбританиядағы «Avrupa Media Holding» президенті Ватан Өз,Германиядағы Öztürk газетінің бас редакторы Аднан Озтурк, Түркиядан «Еуразиялық мәдениет және спорт ынтымақтастығы» қорының президенті Ахмет Түзүн бар.

Іс-шараға арнайы шақырылған мәртебелі меймандар «IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы – әлемнің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері жиналып, маңызды мәселелер мен болашақ стратегиялар жайлы кеңесетін тамаша мүмкіндік» екеніне ерекше тоқталды. Өйткені медиа форумда талқыға салынатын тақырыптар туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары секілді өзекті мәселелерге арналмақ.

Related posts

Ақбөкен – Арқа бренді

ttjk

ТҮРКИЯДАҒЫ ЕҢ ӘДЕМІ ДАЙВИНГ БАҒЫТТАРЫ

ttjk

Зардап шеккен саяжай тұрғындарына Орал қаласынан пәтер берілді

Назия Жоямергенқызы