Мажарстан тағы бір түркі ұйымының толыққанды мүшесі болды. Бұл туралы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады: “2025 жылғы 16 маусымда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Мажарстандағы Өкілдік ғимаратында өткен Түркі мемлекеттерінің Сауда-өнеркәсіп палаталары одағы Бас ассамблеясының кезектен тыс отырысына қатыстым. Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы сауда министрлігінің орынбасары Каталин Бихари, Мажарстан сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Елег Надь, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әмреев, ТМҰ Мажарстан өкілдігі директоры Балаж Хендрик, сондай-ақ Түркі сауда және палаталар одағының мүшелерінің Палата төрағалары мен өкілдері болды.
Жиынға қатысушылар Түркі палаталар одағы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдарын талқылады. Осы жиынның басты шешімі Мажарстан сауда және өнеркәсіп палатасын толыққанды мүше ретінде қабылдады”.