«Ұмай» балалар үйінің тәрбиеленушілері табиғатты аялайды

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту бойынша жобаны іске асыруда. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру есебінен іске асырылады.

Балалар үйінің 10 тәрбиешісі «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық түсініктері» бағдарламасы бойынша оқытудан өтеді. Тәрбиешілер Монтессори әдісінің элементтерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі 75 балаға білім берумен айналысады. Жылыжайда 48 сағаттық теориялық жәнепрактикалық сабақтар балалардың бойына экологиялық мәдениетті ойын түрінде бекітуге бағытталған.


Сондай-ақ «Ұмай» қайырымдылық үйінде табиғат аясында тұрақты экскурсиялар өткізу арқылы балалардың бойына сұлулықты көру қабілетін арттырады. Эксперттердің айтуынша бұл байқампаздық пен эмоционалды интеллектті дамытады, баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді оятады және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.

Оқыту семинарларының тренері Анар Изден: «Табиғатқа тамсану бойынша сабақтар бұл мектепке дейінгі білім беру процесінде экологиялық бағытты дамыту ғана емес. Бұл — балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және мәдениетті адамды тәрбиелеу. Бүгін семинарда маған «Таудың басындағы жалғыз ағаш» тақырыбын талдау ұнады. Ұмайлықтар күш пен тұрақтылық тақырыбын өте кең және қолжетімді түрде аша білді. Жоба аясындағы басқа да тақырыптар мазмұнды болады деп ойлаймын» деп атап өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эко-білім беру бағдарламасына қатысуы олардың дұрыс экологиялық әдеттерін деп күтілуде, атап айтқанда: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, пластикті пайдаланбау, қалдықтарды сұрыптау, үй өсімдіктерін өсіру, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға мұқият болу қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

«Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу өте маңызды! Дәл осы 4-5 жаста сана элементтері айқын көрінеді: табиғатқа деген қызығушылық, эмоционалды реакциялар, табиғаттағы адамдардың мінез-құлқын саналы бағалау. Осылайша, мектепке дейінгі балалық кезеңде балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы жүреді. Дәл уақытында осы субмәдениеттің сапалы түрде қалыптасуының арқасында бала өзінің білімі мен дағдыларын келесі ұрпаққа бере отырып, қоршаған табиғатты өмір бойы жақсы көретін болады, бағалайды және оны қорғайды. Оқыту семинары аясында мен көп нәрсені білдім. Маған тыңдаушы ғана емес, орын алып жатқан оқиғалардың қатысушысы болу ұнады. Мен өз жұмысыма басқаша қарай бастадым», — деп санайды қайырымдылық үйінің тәрбиешісі Айзада Дәуренбекова.

«Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» – 1999 жылы құрылған мемлекеттік емес мекеме. Облыстың ең ірі үкіметтік емес ұйымдарының бірі қазіргі уақытта 41 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізі қаланған сәттен бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға үздіксіз қызмет көрсетеді. Қайырымдылық үйі — республикалық «Таным» сыйлығының иегері. 

«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) — 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» — дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударады.

Related posts

“ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

editor

ҚАСИЕТТІ МӘУЛАНАНЫ ЕСКЕ АЛУ САЛТАНАТЫ

ttjk

VІІІ «КЕЛЕШЕКПЕН БАЙЛАНЫС МЕДИА КОНГРЕСІ»

Назия Жоямергенқызы