Мәжіліске жаңадан келген депутат ант берді

Күні кеше Қазақстан халық партиясы (ҚХП) фракциясының атынан сайланған депутат Гаухар Танашеваның Мәжілістегі өкілеттігі тоқтаған болатын. Көпбалалы ана ретінде ол елдегі бірқатар өзекті сауалды қозғап, Үкіметке сын таққаны да мәлім. Дегенмен бүгін экс-депутаттың бұл мандаттан кетуіне нақты не түрткі болғаны туралы партия жетекшісі мардымды жауап берген жоқ. Алайда фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов «Себебі – жаңа міндеттер. Ол (Гаухар Танашева – ред.) өз жұмысын істеді, әлеуметтік мәселелерді көтерді, енді жұмысшы мамандықтары бойынша жаңа міндеттер тұр. Бізде бұл бағытта өз көзқарасымыз бар, қалай жасау керегін білеміз. Дәл осы мәселемен депутат Нұралин айналысады,» деп қысқа қайырды.

Ал бүгін Гаухар Танашеваның орнына келген Асылбек Нұралин Мәжілістің депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. «Мен, Асылбек Жамашұлы Нұралин, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға уәде беремін», деді ол.

Related posts

Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді

Назия Жоямергенқызы

Алматының Наурызбай ауданындағы қараусыз қалған аумақта ойын және спорт алаңдары бар заманауи сквер салынды

Türkiye has 5 new Intangible Cultural Heritage elements inscribed on the UNESCO Lists

Назия Жоямергенқызы