Мұнайлы өлкеде ауқымды марафон өтті

Алдыңғы айда Атырауда Atyrau Marathon 2024 ауқымды жүгіру жарысы өтті. Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде өтетін бірегей шара екі континент пен мәдениеттің бірігуін білдіреді.

Жарысқа қатысушылар әлемнің бірнеше елінен келді. Соның ішінде Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден, атап айтсақ, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Италиядан  2000-нан астам спорт және салауатты өмір салтын сүйетіндер қатысты. Марафоншылар өз күштерін 5, 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықта сынады.

Айта кетейік, жарысты ұйымдастырушылар — Atyrau Marathon ұйымдастыру комитеті болса, жобаның серіктесі — Halyk сақтандыру компаниясы.

Жарыс таңғы 6:00-де басталып, 13:00-де аяқталды. Atyrau Marathon  Атыраудағы Сәтбаев көшесінің бойымен орталық көпірге шығатын жолға дейін өтті. Есте болса, Атыраудағы алғашқы марафон 2017 жылы өткен болатын. Бұл іс-шараны өткізу идеясы жергілікті спортшылардың көптеген өтініштерінен кейін туындаған.

«Жүгіру — тек спорт емес. Бұл бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін нағыз мәдениет. Біз Атырауда тек Қазақстаннан ғана емес, жақын және алыс шетелдерден де көптеген жүгірушілер жиналып жатқанын көргенімізге қуаныштымыз. Трассада жаңа рекордтар орнатылып, тарих жазылуда. Біздің серіктесіміз — Halyk сақтандыру компаниясына ерекше алғыс білдіреміз. Мұндай ірі компаниялардың қолдауы елде спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға айтарлықтай үлес қосады», — деп түсіндірді ұйымдастырушылардың бірі Юрий Пономарев.

Halyk СК Басқарма төрағасының орынбасары Забира Мұхаметжанның айтуынша,  салауатты өмір салты мен физикалық белсенділікті насихаттайтын бастамалар компания тарапынан әрқашан қолдау тауып келеді. «Halyk сақтандыру компаниясы үшін Atyrau Marathon 2024 серіктесінің мәртебесі адамдардың әл-ауқатына деген терең қамқорлықты көрсетеді. Біз бұл іс-шараны қолдау көбірек адамдарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандырып қана қоймайды, сонымен қатар марафонға қатысушылардың ықтимал қауіптері туралы ойлануға көмектеседі деп сенеміз. Біз тұрғындардың өмірін қауіпсіз әрі тыныш ете отырып, осындай тәуекелдерді еңсерудің сенімді әдісін ұсынамыз», — деп атап өтті ол.

Спорт жаңа биіктерге жетуге ұмтылдырады. Сондықтан мұндай шаралар дені сау, мақсатты адамдар қауымдастығын біріктіреді және қалыптастырады. Денсаулық сақтау идеясының айналасында мыңдаған адамдарды біріктірген Atyrau Marathon-ға қатыса отырып, Halyk сақтандыру компаниясы клиенттердің пайдасы мен сенімділігінде көрінетін құндылықтарды атап көрсетеді. Жүгіру де кез-келген спорт түрі сияқты, тәуекелдермен байланысты және Halyk сақтандыру компаниясы марафонның әр қатысушысына қамқорлық жасап, марафон күніне арнайы сақтандыру дайындады және жарыстың әр қатысушысы спорттық жарақаттардан сақтандырылды.

Бастапқы жиынтықта әр қатысушының QR коды болды. Сілтеме бойынша қатысушы марафонды өткізу кезінде өз денсаулығын сақтандыра алды. Сыйлық сақтандыру полисін іске қосу үшін тек ұялы телефон мен ЖСН енгізу қажет болды, полис бірнеше минут ішінде ресімделді. Halyk сақтандыру компаниясы өңірлік марафонды қолдауды клиенттердің қауіпсіздігіне қамқорлық жасау және қоғамға пайда әкелу миссиясын орындауда жасалған тағы бір қадам деп санайды.  Бұл ынтымақтастық компанияның қазақстандықтардың өмір сүру, денсаулығы мен әл — ауқатын арттыруға деген ұмтылысын тағы бір көрсетті.

Related posts

Жасанды интеллект көмегімен елдің жалпы ішкі өнімін арттыру көзделеді

editor

Көлік министрі сотқа шақырылды

editor

Түркияда ірімшіктің тарихы терең

Назия Жоямергенқызы