«Ұлы дала шеберлер керуені»: ұлттық құндылықтарды келешекке ұлықтаудың символы

Астанадағы Astana Mall сауда және ойын-сауық орталығында республикалық «Ұлы дала шеберлер керуені» жәрмеңкесі өтті. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам қолөнершілер келіп қатысты. Үш күнге созылған жәрмеңкеде қазақтың мәдениетін дәріптейтін ұлттық нақышта жасалған сан түрлі бұйымдар сатылымға шықты.

Зиуар ЖҰМАНОВА, “Хас Шебер” қауымдастығының президенті:

— Жәрмеңкенің мақсаты — ұлттық құндылықты насихаттау. Себебі, шеберлердің әрқайсысы қазақы нақышта киініп, өз өнерлерін көпшілікке ұсынып жатыр. Қазір біздің балаларымыз шет елге көп еліктейді. Әлемнің неше түрлі менталитетімізге жат қылықтары ұрпақты ұсақтамауы тиіс! Сондықтан, ұлттық құндылықты насихаттау — бірінші орында. Мысалы, осындай өнімдерді сататын арнайы базар болса, онда біздің төл аспаптарымызда ән шырқалып бен ұлттық асханамыз дәріптелсе, біздің балаларымыз өз мәдениетімізге қанығып өседі. Осы мақсатта неше түрлі шеберлік сағаттар, әртүрлі шаралар ұйымдастырамыз. Қолымыздан келгенше ұлттық колөнерді таратуға тырысып жүрміз. Бұл идеяны қолға алғанымызға бес жылдың жүзі болды. Президент “креативті индустрияны жандандыруға” тапсырма берген шақтан бері жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі келіп жеткен Тәуелсіздің күніне орайластырып, осы жәрмеңкені елорда төрінде өткізуді ұйғардық. Бізде “ұлттық қолөнер бұйымдары — шамадан тыс қымбат” деген стеоротип бар. Өйткені, шикізат өндірісі өзімізде кенже дамыған соң, этно өнімдердің бағасы соған сай болып жатады. Бұйырса, 20-желтоқсанда өтетін этно-форумда қазіргі қазақ қолөнершілеріне қатысты біраз тақырыпты қозғайтын боламыз”.

Жәрмеңкеге қатысушы, зейнеткер:

“Мен зейнеткер мұғаліммін. 25 жыл “Технология” пәні бойынша оқушыларға тәлім бердім. Осы салада жүргеннен кейін ұлттық қолөнеріміздің келешек ұрпаққа сақталуына, дамуына үлес қосып жүрмін. 2023 жылы тіккен сырмағым үшін рекордтар кітабына ендім. Қазір көбіне ешкім қолдана бермейді. Әр елде әр түрлі ғой. Басқа өңрлерле жүннен жасаса, біздің солтүстік жақта оны матадан жасайды. Сол өнерді жаңғырту үшін матадан шабадан сырып тігемін. Құндылықтарымыз әрі қарай жалғасуы керек. Жастарға кішкене болса да , үлгі болып қалсын деп, Қостанай өңірі, Әулиекөл жерінен осында арнайы келіп отырмын!”

Жәрмеңкеге қатысушы, кәсіпкер:

“Бұл шараға Қызылорда қаласынан келдім. Бала кезімнен қолөнермен айналысамын. Осы саланы жаныма серік еткеніме 50 жылдай болыпты. Әртүрлі моншақтардан қазақы құндылықтардың қаймақтарын суреттеймін. Мысалы, бесіктің тұрқын моншақтан мүсіндеп, сувинер ретінде сатамын. Бұл — мен қатысып жатқан алғашқы жәрмеңке емес. Қазақстандағы бірнеше көрмелердің жәрмеңкесінде өз өнеріммен қатысушы атандым. Әрі, осы құндылығымызды дәріптеу мақсатында Қызылорда қаласынан оқу орталығын аштым. Шәкірттерім ұлттық нақыштағы қолөнермен сүйіп айналысады.

Гүлмира АХМЕТЖАНОВА, ұйымдастырушы:

“Қолөнер — ол шығармашылық! Әрине, кішкентай ғана өнімді оңай көруіңіз мүмкін. Бірақ, бір ғана бұйымның артында қаншама еңбек жатыр. Бүгінгі шараға келген қыздар өз өнерлерімен елордалықтарды тәнті қылуда. Үш күн ішінде қазақтың ұлттық құндылықтарымен сусындатты деп айта аламыз! Ашылуы кезінде, арнайы дефилеміз өтті. Бүгін іс-шарамыз өз мәресіне жетеді. Қолөнерші қыздарымыз өз қалаларына құр алақан қайтпайды. Арнайы сертификаттарымыз бен естелік сыйлықтарымыз табысталатын болады”.

Шаттық СӘДУАҚАС, “Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ.

Related posts

ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПОРТАЛЫ

ttjk

Республикалық маңызы бар «Қалбатау–Майқапшағай» жолы ашылды

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады