«Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» қойылымы

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» атты қойылымы 18 қазан күні қойылды.
Қойылым барысы Абылай ханды ұлы тұлға ретінде көрсетіп, оның тарихи сахнада алатын орнын бағалап, ардақты бабамыз Абылай ханның жетістіктері мен жемістерін бүгінгі ұрпаққа жария етіп, қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай ханның бейнесін қалыптастыруды жан-жақты көздейді.
Қойылым мақсаты:
Абылай ханның тарихи мұрасын, оның ұлы даланы дамытуға қосқан үлесін насихаттау. Туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен бай мұраларына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Қойылым қаламыздағы шығармашылық оқу орындары: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің студенттерінің қатысуымен сахналанды.

Related posts

Романтикалық мереке – Валентин күнін Стамбұлда тойлаңыз

ttjk

ҚР Президентін сайлауда қайдан дауыс беруге болатынын Halyk Homebank-те білуге болады

ttjk

ТУРЦИЯ: САКРАЛЬНЫЕ И ИСТОРИЧЕСКИЕ МЕСТА СТРАНЫ

ttjk