Ұлттық ұланның 3 жыл 9 айда 58 әскери қызметшісі қаза тапқан

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов 3,9 жылда Ұлттық ұлан қатарында 11 сарбаз қаза тапқанын мәлім етті.

Соңғы үш жыл және биыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарында 58 әскери қызметші қаза тапқан. Бірақ қаза болғандардың барлығы сарбаз емес және олардың бәрі қызмет барысында көз жұмбаған. Оның айтуынша, көз жұмғандардың арасында сарбаздар саны 11 адам. Қалғандары – офицерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери адамдар.

Оның ішінде  2022 жылы екі сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан. Бірі Алматы қаласында орналасқан 5574 әскери бөлімінің сарбазы Алмаз Шахимов . Ол Ұлттық ұланның әуел баста берген мәліметі бойынша, үстіне шатыр құлап қаза тапқан. Алайда марқұмның анасы оның сүйегін қазып алып, зерттеу жүргізгенде ұлының денесіне әлдекімдер пышақ сұққаны және темекі іздері бары анықталған.

Сондай-ақ Ұлттық ұлан өкілі тағы екі әскери қызметкер жол апатынан қаза тапқанын алға тартты. Ал осы жылдарда 29 әскери қызметші аурудан қаза тапқан.

«Олардың ішінде сарбаз болып қаза тапқаны 4 адам. Әскерге келген төрт адам денсаулығына байланысты көз жұмған.  Тағы бір әскери қызметшіні тоқ ұрып, жан тапсырған. Биыл бір әскери қызметші демалыс кезінде қайтыс болды», — деді Қайрат Үмбетов.

Айта кетейік, күні кеше ғана төрт жыл ішінде Ұлттық ұланға және өзге де әскери құрамаларға борышын өтеуге барған 310 сарбаз бақилық қайтпас сапарға аттанып кеткен.

Related posts

Түркия — бірегей таңғажайыптар елі

Назия Жоямергенқызы

ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ

ttjk

Зардап шеккен саяжай тұрғындарына Орал қаласынан пәтер берілді

Назия Жоямергенқызы