«ӘЛЕУМЕТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ

Түркітілдес журналистер қоры 2025 жылдың 4 қыркүйегі күні сағат 19.00-де (Астана уақыты бойынша) ZOOM платформасы арқылы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесу өткізеді.

Кездесудің басты мақсаты — БАҚ өкілдеріне «Шевронның» Қазақ қоғамын дамытуға үлес қосып жатқан әлеуметтік жобалары мен серіктестері туралы ақпарат беру.

Осының нәтижесінде, БАҚ өкілдері газеттер мен сайттарға мақала жазып, «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауына қатысу үшін ТҮркітілдес журоналистер қорына жолдайды. Ұйымдастыру комитеті іріктеуден өткізіп, Қазылар алқасына тапсырады.

Жеңімпаздар 2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады. Жүлделі болған әріптестер аймақтардан болса, олардың жол, қонақүй, тамақ шығындары Түркітілдес журналистер қоры тарапынан төленеді.
ZOOM кездесу: 4 қыркүйек 2025 жыл. Сағат: 19.00.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

Түркістан облысының аудандық білім саласында 2,4 миллиард теңге желінген

editor

«Природа в городе: будущее и надежды»

ttjk

Паранжа мен никаб киюге заңмен тыйым салынды

editor