Әлемді қабылдау үшін киім үлгісіне де мән беру маңызды

Заман талабына сай көптеген жастар сәнді киінуге тырысады. Бірақ сырт киім  сыртқы келбетті емес,адамның өмір салтын, талғамы мен ішкі көзқарасын айтпай түсіндіретін ерекше тәсіл десек те болатын шығар. Заман талабына сай стиль жасау кезінде нені ескерген жөн? Мұндағы басты ереже неде? Осы және басқа да сұрақтар туралы костюм дизайнері, стилист Лейла Асқарқызымен сұхбаттасқан едік.

— Қайырлы күн, Лейла ханым! Бұл салаға келуіңіздің себебі неде? Бала кезден сәнге жақын болған шығарсыз…

—  Бұл салаға келуімнің басты себебі- бала арманымды орындау десем, дұрыс болатын болар. Шығармашылыққа қызығып, өзімді осы әлемде табуды қаладым. Арман жолымен Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің “Театр, кино және ТВ костюмі сценографиясы” мамандығына түсіп, қолыма дипломымды алдым.

Стиль мен сән әлеміндегі алғашқы қадамыңыз қандай болды?  

— Стиль мен сән әлеміндегі алғашқы қадамдарым университет қабырғасында бастау алды. Студенттік түсірілімдерде ат салысып,  костюм суретшісі ретінде алғашқы жұмыстарымды жасадым. Олимпиадаға да барып қайттым. Жыл сайын болатын  Жүргенов академиясындағы олимпиадаға қатысып көрдім. Кино саласында да , тәжірбием бар. Костюм суретшісі , костюм суретшісінің асисстенті болып істедім. Қазіргі таңда театрда жұмыс істеймін , өз мамандығым бойынша. Арасында каммерциялық жобаларға шығып тұрамын. Одан бөлек, жарнама, қысқа метрді фильмдерді түсіру секілді жұмыстарды қоса атқарып жүрмін.

Стиль  жасау кезінде ең маңызды аспектілер қандай? 

— Әрине, ең бірінші адамның дене пішіні мен пропорциялар стиль жасау кезінде маңызды рөл атқарады. Әр адамға тән ерекшеліктерді ескере отырып, киімдер адамның силуэтын жақсы көрсетуі керек.Тағы бір маңызды нәрсе -түс палитрасы. Адамның терісінің түсіне, шашына және көздеріне сәйкес келетін түстерді таңдаған дұрыс. Бұл адамның сыртқы көрінісін үйлесімді етіп көрсетеді. Мінез-құлықы мен тұлғалық ерекшеліктеріне де сай болуы керек. Себебі, стиль адамның ішкі әлемімен де тығыз байланысты. Егер адам ашық, белсенді болса, оның киімдері де динамикалы болуы мүмкін, ал байсалды, сабырлы тұлға үшін қарапайым әрі элегантты стильдер ыңғайлы.

Қолжетімділік пен жайлылық – стиль тек сыртқы көріністі ғана емес, адамның өзіне ыңғайлы әрі өзін жақсы сезінуіне әсер етуі керек. Қазіргі таңда сән мен комфортты үйлестіру аса маңызды.Осы барлық аспектілердің үйлесімі адамның жеке стилін қалыптастырып, өзін-өзі көрсету тәсілін анықтайды.

— Сән әлемінде шабыт беретін қандай тұлғаларды  үлгі тұтасыз?

— Сән әлемінде үлгі тұтуға лайық тұлғалар көп, бірақ мен үшін ең ерекше және әсерлі деген бірнешеуін атап өтейін. Коко Шанель – сән индустриясының аңызы.  Ол  әйелдердің киімдеріне жайлылық пен қарапайымдық әкелді. Оның «қара көйлек» концепциясы, өз заманының шегінен шығып, әмбебап әрі элегантты стильді қалыптастырды. Белла Хадид – қазіргі сән индустриясының ең танымал топ-моделі. Оның сыртқы келбеті мен түрлі стильдерде киінуі оны жаңа дәуірдің сән иконасына айналдырды. Ол қарапайымдылық пен сәнділікті үйлестіре біледі.

Рианна – ол тек музыкамен ғана емес, сән әлемінде де үлкен өзгерістер жасады. Өзінің креативті әрі батыл таңдауымен сәнде жаңа трендтерді ұсынады, сондай-ақ әртүрлі дене пішініне және этникалық ерекшеліктерге құрметпен қарайды.

— Қоғамның стиль мен сән туралы түсінігі қалай өзгеріп келеді? Қазір көп адам өз стильін қайдан іздейді?

— Қоғамның стиль мен сән туралы түсінігі соңғы бірнеше жылда айтарлықтай өзгерді деуге болады. Бұрын сән көбінесе ресми салондар мен сән көрсетілімдерінен, танымал дизайнерлердің шығармашылығынан ғана шығып, топтық ұстанымдарды қалыптастырған. Бұл күндері сән әлемі ашық, әрі әртүрлі. Әр адам өзінің жеке стилін қалыптастыруда еркіндікке ие. Әлеуметтік желілердің әсерінен сән әлемі әлдеқайда көп адамға қолжетімді болып, жаңа сән трендтері өте жылдам таралуда. Инстаграм, ТикТок, Pinterest сияқты платформалар адамдарға әлемнің әр түкпірінен ең жаңа стильдер мен идеяларды көруге мүмкіндік береді. Осы арқылы көптеген адамдар өз стилін тауып, өзге елдердің, әртүрлі мәдениеттердің әсерін сезінеді. Одан басқа, инфлюенсерлер мен блогерлер өздерінің күнделікті стилін бөлісу арқылы жаңа трендтерді тудырады. Қазіргі уақытта адамдар көбінесе сән мен стильді өздерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес таңдауға тырысады.

— Сіздің жеке стиліңіз қандай?

-Менің жеке стилім көбіне street style мен смарт кэжуал. Маған өзімнің комфортым маңыздырақ. Жұмысым костюмдермен байланысты болғандықтан, жеке стилімдегі киімдер жұмыста да, күнделікті өмірде де қолайлы әрі стильді болуға мүмкіндік береді . Трендттер көбінесе көпшілікке арналған , бірақ олар өзіне тән ерекшеліктерді жоғалтуға алып келуі мүмкін. Көп адамдар трендттерге ұмтылып , көбінесе сыртқы әсерге көп тәуелді болып кетеді , сондықтан жеке стилін жоғалтады. Қазіргі қоғамда трендтен асып, өзіндік ерекшелігін сақтап қалу өте маңызды, себебі сән дегеніміз тек киім емес, адамның ішкі дүниесі мен өзін-өзі таныту тәсілі.

— Мұндағы басты ереже — өзін-өзі тану және өзіңізді жайлы сезіну. Яғни, стиль тек сыртқы көрініс емес, адамның өзін қалай сезінетіні, ішкі дүниесінің сыртқы әлеммен үйлесім табуы. Стиль сіздің тұлғаңызды, өмір сүру салтыңызды және жеке қалауларыңызды көрсетуі керек деп ойлаймын.

— Сұхбатыңыз үшін рахмет!

 Сұхбаттасқан:

Альфия Қылышбай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Компьютерлік технологиялар кафедрасы, Медиажурналистика факультетінің 2-курс студенті.

 

 

 

Related posts

127 мың жас қазақ күйін күмбірлетті

ttjk

MÜSİAD ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

ttjk

АСТАНАДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ БІЛІМ ФЕСТИВАЛІ

ttjk