Әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің арасында қазақ жоқ

Әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізімі жарияланды. Алайда BBC-дің 2024 жылғы тізіміне Қазақстаннан ешкім енбеген.

Есесіне көрші Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан екі ықпалды әйелдің аты аталды. Оның бірі — тігінші Дилорам Юлдашева. Өзбекстан тумасы екі жыл бұрын егін жинау кезінде жазым болып, екі аяғынан айырылған. Бірақ ол алға ұмтылуын тоқтатпай, жаңа мамандық – тігіншілікті игерген. Жас өзбек келіншектерін тігіншілікке баулып, оларға табыс табуды үйреткен. Оның қырыққа жуық шәкірті бар. Қазір оның тігін цехы оқушылар мен жұмысшылардың формасын тігеді. Оның кәсібі өзінің ғана емес, өзге әйелдердің де табыс көзіне айналды.

100 мықты әйелдің қатарында тұрған тағы бір келіншек қырғыздың тумасы. Ол музей директоры Жаңылсынзат Тұрғанбаева. Бішкектегі этнологиялық мұражайды басқаратын ол қайырымдылық жұмыстарының бір бөлігін қырғыздың қырық тайпасының басын қасқан «Манас батыр» туралы эпосты сақтаумен байластыстырған. «Манас жырының» бір нұсқасы 500 мың жолдан тұрады, әлемдегі ұзақ поэма ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Жаңылсынзат Тұрғанбаева осы жырды мәнерлеп оқитын әртістер – манасшыларға қолдау білдіреді.

Related posts

«Халык-Life» АҚ — Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы

ttjk

Lake Bled (Slovenia): Top Tips Before You Go

ttjk

FlyArystan: Таразға арзан билет бар

Назия Жоямергенқызы