Тайваньда жүрек трансплантациясы саласында тарихи жетістік тіркелді: хирургтер алғаш рет донор жүрегін соғып тұрған күйінде сәтті ауыстырды. Бұған дейін жүрек трансплантациясы кезінде орган суықта сақталып, қан айналымы тоқтайтын, бұл жүрекке зақым келтіру қаупін тудыратын еді. Тайбэй ұлттық университеттік ауруханасының (NTUH) мамандары донорлық жүрекке үздіксіз қан мен оттегі жеткізіп отыратын арнайы портативті құрылғыны қолданды. Құрылғы сорғы, оксигенатор және резервуарлардан тұрады, ол жүректің денеден тыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс арқылы жүрек ешқашан тоқтаған жоқ.
Операция дилатационды кардиомиопатия диагнозы қойылған 49 жастағы әйелге жасалды. Пациент тез қалпына келіп, жүрек жұмысының жақсы көрсеткіштерін көрсетті. Хирургтер бұл тәсіл трансплантация қауіптерін азайтып, жаңа медициналық стандарттарға жол ашатынына сенімді.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Фарангиз Саматқызы