Легионер-спортшыларды бюджет ақшасына қаржыландыру тоқтайды

Қазақстанда спорттағы легионерлерді мемлекеттің ақшасына қаржыландыруға тыйым салу жоспарланып отыр.

Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеген. «Құжатқа сәйкес, Қазақстан  азаматы емес спортшыларды бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруға тыйым салу қарастырылған. Қазір заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр»,  деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жақында Президент шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі.  Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Сондықтан Мемлекет басшысы, оның орнына елімізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тартуды ұсынды.

Related posts

Türkiye has 5 new Intangible Cultural Heritage elements inscribed on the UNESCO Lists

Назия Жоямергенқызы

Тіл, ерін, көмей ісігі, психиканың бұзылуы: дәрігер насыбайдың зияны туралы айтты

ttjk

53 restaurants spotlighted in the first selection of the MICHELIN Guide Istanbul

ttjk