Ұландықтар құқықтың тәртіп әскерінің ардагерін құттықтады

25 қазанда құқықтық тәртіп әскерінің ардагері отставкадағы генерал-майор Рашид Хабибуллаевич Фаткулин 70 жасқа толды.

Туған күніне орай оны Ұлттық ұлан өкілдері құттықтап, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің атынан құттықтады.

Құттықтап барғандар қатарында ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Нұрбай Бектұрсынов, генерал-майор Альберт Маткаримов, отставкадағы генерал-майор Дәулет Салханов, сондай-ақ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері полковник Мұрат Жантеміров және отставкадағы полковник Григорий Григорянц бар. Олар Рашид Хабибуллаевичке көп жылдық қажырлы еңбегі мен риясыз қызметі үшін терең ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі. Мерейтой иесіне құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ генерал Р. Х. Фаткулин туралы материал жарияланған  Ұлттық ұланының «Қалқан» әскери газеті мен буклеті тарту етілді.

— Құрметті Рашид Хабибуллаевич, Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің және Бас қолбасшылық атынан Сізге  құқықтық тәртіпті нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін терең ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздің Отан алдындағы еңбегіңіз, кәсібилігіңіз бен принципшілдігіңіз терең таңданыс тудырады және біз үшін жарқын үлгі болып табылады. Сіз сана өміріңізді елге қызмет етуге арнадыңыз және әрқашан жоғары жауапкершілік көрсеттіңіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақыт және амандық тілейміз. Жаныңызда әрқашан туыстарыңыз бен адал достарыңыз болсын, — деді полковник Нұрбай Бектұрсынов.

— Қызмет мен үшін өмірлік мектебім болды, кейін уақыт өте келе тән мен рухты шыңдаған тағдырыма айналды, бұл жол маған адал достар мен естен кетпес ыстық естеліктер сыйлады,- дейді Рашид Хабибуллаевич.

Рашид Хабибуллаевичке отбасы да ерекше сыйлық жасады. Оның үлкен ұлы Рашид пен немересі Ильдар Калининградтан айтпай арнайы келіп, жағымды тосын сый жасады және айтулы күні мерейтой иесіне мерекелік жылулық берді.

Генерал-майор Рашид Фаткулин құқықтық тәртіп жүйесін дамытуға және жас ұрпақты  патриотизм рухында тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан, әскери ар-намыс пен қадір-қасиеттің үлгісі болып қала береді.

 ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Related posts

Michelin Истанбулдагы 53 ресторанды тизмесине киргизди

ttjk

Автобуста жол жүру ақысын төлегені үшін 100% бонус:Halyk жаңа науқанды бастады

editor

Шымбұлақта 2022-2023 тау шаңғысы маусымы ашылды

ttjk