ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

2023 жылдың 25 қарашада (сенбі) сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (Алматы қ.) Өкпе обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша «Өкпе обырының алдын алу және диагностикалау» тақырыбында Ашық есік күні өтеді.

Консультацияға ерлер мен әйелдер шақырылады, әсіресе көп жылдық тәжірибесі бар темекі шегушілер.

Егер сізде:

❗️Кеудедегі жайсыздық немесе ауырсыну.
❗️Ұзақ және тұрақты жөтел;
❗️Өкпенің созылмалы аурулары (бронхит, пневмония), қысқа уақыт ішінде қайталанса.
❗️Тыныс алудың қиындауы.
❗️Тыныс алудың қысқа болуы.
❗️Қақырықта қан (өкпеден жөтелден шыққан шырыш).
❗️Дауыстың қарлығуы.
❗️Тәбеттің төмендеуі.
❗️Белгісіз себептермен салмақ жоғалту.
❗️Шаршау сезімі.
❗️Жұтыну проблемалары.
❗️Бет және/немесе мойын тамырларының ісінуі.

⚠️Осы белгілер болса, торакальды онкологқа көріну керек!

Барлық келушілер торакальды онкологтың тегін кеңесін ала алады. Сондай-ақ, көрсеткіштер бойынша, өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан (НДКТ) өте алады.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болсын.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 91, Шарипов көш. қиылысы. Консультативтік-диагностикалық орталық.

Related posts

UNESCO Heritage Sites in Türkiye That You Should Know Better

ttjk

Исторические дома в Карабуке

ttjk

«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады

ttjk