Комьюнити орталықтар ашылуда

Шаһар басшысы Ерболат Досаев комьюнити орталықтар ашып, олардың санын 16-ға дейін жеткізуді тапсырды.
«Комьюнити орталықтардың пайдасы мол, жастардың басын қосатын орындар пайда болды», — деді қала басшысы.
Қазір қаланың әр ауданында бір-бірден 8 комьюнити орталық ашылған. Биыл тағы 4-еуі және келесі жылы 4-еуі бой көтереді.
Аумағы 300 м² болатын әр орталықта психологиялық, заң көмегі, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік бойынша кеңес беріледі, сондай-ақ идеяны дамытуға арналған коворкинг аймақ та бар.
Жыл басынан бері онда 750 іс-шара өткізіліп, 30 мыңнан астам жас қатысқан. «Онай» картасы негізінде орталықтың резиденттері үшін түрлі жеңілдік қарастырылған клубтық карта жүйесі енгізілді.

Related posts

Жерлесіміз жетінші жеңісіне қол жеткізді

editor

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Назия Жоямергенқызы

АУРУДЫ АСҚЫНДЫРМАҢЫЗ

ttjk